Мұқтаж отбасыларға қаржыла қайырымдылық көмек

2016 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне орай, «ҚПЗО» компаниясы мен «Айс Арена» компаниясы бірлесіп, көпбалалы, жағдайы төмен, мұқтаж отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетті. Отбасылардың тізімін «Қайырымды жандар» қоғамдық қоры ұсынды. Көмек алты отбасыға - азық-түлік, шаруашылық тауарлары, киім-кешек түрінде көрсетілді. Олар – Нұрғожаевтар отбасы (4 бала), Сарсенбаевтар отдасы (7 бала), Розиевтар отбасы (4 бала), Далабаевтар отбасы (4 бала), Оспановтар отбасы (4 бала), Абишевтар отбасы (2 бала). Және де ҚПЗО компаниясының атынан “Nextbook” ноутбугі Абишевтар отбасына берілді, қызына, АУЭС университетте оқитын студент.

 

​​Кері қайту

Комментарии

Оставить комментарий