ҚПЗО компаниясындағы студенттік іс-тәжірибе

ҚПЗО компаниясындағы студенттік іс-тәжірибе

 

Жыл сайын Әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер агенттігі «ҚПЗО» әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенттеріне студенттік іс-тәжірибеден өту мүмкіндігін ұсынады. Іс-тәжірибеден «әлеуметтану», «әлеуметтік жұмыс» және «дінтану» мамандықтарының студенттері өтеді. Студенттер зерттеулерге қатысады, өздері зерттеу жүргізуді, презентация өткізуді үйренеді. 2016 жылдың ақпанынан сәуіріне дейінгі үш айда әл-Фараби ат. ҚазҰУ студенттері іс-тәжірибеден өтті және тереңдетілген сұхбат үлгісіндегі сапалы зерттеу жүргізудегі және әлеуметтік тақырыптарға презентация өткізудегі біліктіліктерін арттырды. Сонымен қатар студенттер компанияның мәдение іс-шараларына белсенді қатысты, Наурыз мейрамын ұйымдастыруда белсенділік танытты.

 

​​Кері қайту

Комментарии

Оставить комментарий