SPSS бағдарламасы бойынша тренинг, М-Вектор, Қырғызстан

SPSS бағдарламасы бойынша тренинг, М-Вектор, Қырғызстан

 

18-20 сәуір айларында Бішкек қаласында «IBM SPSS бағдарламасы арқылы өңдеу және статистикалық талдау. SPSS Modeller бағдарламасының мүмкіндіктері» үш күндік тренингті «М-Вектор» компаниясы голландық тренер Ханс Кринжнсенмен бірлесіп өткізілді.
Бұл тренинг SPSS және SPSS Modeller бағдарламасымен жұмыста қолданбалы тәжірибелерді игеруге арналған. Оқытудың ең қызықты бөлігі Big Data-ға бастама болған «SPSS Modeler-ге кіріспе» бөлімі болды.
Жұмыс барысында моделдеу үрдісі мен айнымалылардың түрлі комбинациясы қызу талқы тудырды. Әлемдегі түрлі елдердегі еркектер мен әйелдердің өмір сүру ұзықтығын үлгі ретінде тренингке қатысушылар берілген параметрлер бойынша гистограммалар және кестелер құруда өз біліктіліктерін пайдаланды.

 

 

 

 

 

 

​​Кері қайту

Комментарии

Оставить комментарий