Жеңіс күні құтты болсын!

Жеңіс күні құтты болсын!

 

Ұлы Отан соғысындағы жеңіс күнінің 71 жылдығына орай, ҚПЗО қызметкерлері ҰОС ардагерлеріне теңестірілген құрметті азаматтарды құттықтады. Олар концлагер тұтқындары, Ленинградтық қоршауды бастан кешіргендер және еңбек майданына қатысқандар. Біз Корецкий Любовь Яковлевна, Мазну Галина Ивановна, Утегалиева Зинаида Ивановна, Афанасьева Ирина Алексадровна, Афанасьева Татьяна Александровна, Малых Тамара Михайловна, Гапич Лидия Ивановна, Глаголевский Валерия Владимирович, Година Льва Владимирович және Прокофьева Альбина Борисовнаның хал-жайын біліп, құттықтадық. Тізімді Алматы қаласы Медеу ауданының Әкімшілігі ұсынды. Акцияны жүзеге асыруға фашизмнің кәмелет жасқа толмаған бұрынғы тұтқындарының Алматы қалалық ұйымының төрағасы Вячеслав Михайлович Артемьев үлкен қолдау көрсетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

​​Кері қайту

Комментарии

Оставить комментарий