Мұғалімдер күні қарсаңында ҚПЗО қызметкерлері Алматы қаласының №55 мектебінің еңбегі сіңген мұғалімдерін құттықтады.

Мұғалімдер күні қарсаңында ҚПЗО қызметкерлері Алматы қаласының №55 мектебінің еңбегі сіңген мұғалімдерін құттықтады. Бұл тамаша мейрамға орай осы мектептің оқушылары концерт ұйымдастырды, өздері ән айтып, би биледі. Концерт өте әсерлі және қызықты өтті, ризашылық сөздері айтылды, педагогтардың қиын, бірақ мәртебелі қызметіндегі еңбегі белгіленді. Біздің балаларымыздың қаншалықты дарынды екені, әдемі билері мен әндері, көркем киімдері қуантады. Жүргізушілер де қуантты, өте жас балалар, 11-класс оқушылары, дегенмен, іс-шараны сенімді және көңілді өткізді, сценарийді жақсылап ойластырып, оны креативті орындады. Мұның барлығында мектептің педагогикалық құрамының жұмысы, олардың балаларды қалай тәрбиелейтіні және оқытатыны байқалады. Қымбатты мұғалімдер, сіздерге алғысымызды білдіреміз!

 

 

 

 

​​Кері қайту

Комментарии

Оставить комментарий