Жариялымдар

Қазақстандық пайдаланушылардың статистикалық ақпаратқа қанағаттану деңгейіне зерттеу(орыс тілінде). Үнемі өзгеретін қажеттіліктер мен нарықтың дамуы халықтың барлық категориялары мен кәсіпорындар үшін барлық параметрлер бойынша сапалы статистикалық ақпарат жинауға және ұсынуға қажеттілікті жоғарылатады. Дер кезінде сапалы қызмет ету үшін және мемлекеттік статистиканың мүмкіндіктерін кеңейту үшін тұтынушылардың қажеттіліктерін терең түсіне білу қажет. Осы мақсатта және КАЗСТАТ-тың Ұлттық статистикалық жүйені нығайту бойынша жобасы нәтижелерін мониторингілеу аясында мемлекеттік статистиканың сапасы туралы пайдаланушылардың пікірін зерделеу мақсатында қазақстандық пайдаланушылардың статистикалық ақпаратқа қанағаттану деңгейіне зерттеу жүргізілді. Зерттеу ҚПЗО-мен жүргізілді. Жоба бойынша далалық жұмыстар 30.05.2016-30.06.2016 аралығында өтті. Зерттеудің мақсаты мен міндетіне жету үшін сандық әдіс - жеке стандартталған сұхбат қоладнылды. Сұрау негізінен Қазақстанның барлық өңірлерінде тұратын және жұмыс істейтін және өздерінің қызметінде ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті шығарған статистикалық деректерді пайдаланатын, мемлекеттік органдарды қосқанда, әр түрлі сфералар мен салаларда жұмыс істейтін ҚР-ның жеке және заңды тұлғаларын қамтыды. Нәтижелері осы презентацияда көрсетілген.

Қазақстандық пайдаланушылардың статистикалық ақпаратқа қанағаттану деңгейіне зерттеу

 

«Шелек аймағының алыс тұрғылықты елді мекендеріндегі мүгедекетікке ие әйелдердің мемлекеттік қызметке тең қолжетімділік деңгейін зерттеу» (орыс тілінде) «Общество Неунывающих Инвалидов» Қоғамдық Бірлестігінің «ЕРЕКШЕ ТАҢДАУ-ШЕЛЕК» Корпаративтік Қорының тапсырысымен Халықаралық даму бойынша АҚШ агенттігі (USAID) арқылы жүзеге асырылған америка халқының көмегімен 2016 жылдың ақпан-наурыз айларында Қоғамдық Пікірді Зерттеу Орталығы (ҚПЗО, Алматы) жүргізілді. «Ерекше таңдау – ШЕЛЕК» КҚ жариялым мазмұнының USAID немесе АҚШ Үкіметінің ұстанымына сәйкес келуінің міндеттелмеуіне жауапкершілік алады.
«Шелек аймағының алыс тұрғылықты елді мекендеріндегі мүгедекетікке ие әйелдердің мемлекеттік қызметке тең қолжетімділік деңгейін зерттеу», Алматы, 2016

 

2012 ж. салық органдарының қызметтерінің сапасына мониторинг жүргізу.
Салық төлеушілердің пікірін зерттеу Қазақстанның салық төлеушілер Ассоциациясының, «ENRC KAZAKHSTAN» ЖШС, «ПРОКТЕР ЭНД ГЭМБЛ ҚАЗАҚСТАН» ЖШС, «Казатомпром» Ұлттық атомдық компаниясы» АҚ, «Торғай-Петролеум» АҚ, «ПетроҚазақстан» АҚ, «Ерсай Каспиан Контрактор» ЖШС, «Lancaster GroupKazakhstan» АҚ, «Эрнст энд Янг Қазақстан» ЖШС қаржылық қолдауымен Қоғамдық пікірді Зерттеу Орталығымен жүргізілді.
"Салық қызметтерін бағалау және мониторинг жүргізу 2012" (мемлекеттік тілде)
"Салық қызметтерін бағалау және мониторинг жүргізу 2012" (орыс тілінде)
"Салық қызметтерін бағалау және мониторинг жүргізу 2012" (ағылшын тілінде)

 

Мониторинг качества услуг налоговых органов 2011 год.
2011 ж. салық органдарының қызметтерінің сапасына мониторинг жүргізу.
Салық төлеушілердің пікірін зерттеу Қазақстанның салық төлеушілер Ассоциациясының, «Экономикалық реформалар арқылы бәсекеге қабілеттілікті көтеру» атты USAID жобасының, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ, "ҚазМырыш" ЖШС, «Эрнст энд Янг Қазақстан» ЖШС және т.б. қаржылық қолдауымен Қоғамдық пікірді Зерттеу Орталығымен жүргізілді.
"Салық қызметтерін бағалау және мониторинг жүргізу 2011" (мемлекеттік тілде)
"Салық қызметтерін бағалау және мониторинг жүргізу 2011" (орыс тілінде)
"Салық қызметтерін бағалау және мониторинг жүргізу 2011" (ағылшын тілінде)

 

Интернет пайданушылар: социологиялық зерттеу нәтижесі 
Ақпараттық қоғам теориясының қалаушылары ұйғарады: ақпараттық қоғам - қоғамдар дамуында алдыңғы кезеңдерінде орын алған процестерге қарағанда қарама-қарсы процестермен сипатталатын мүлде жаңа қоғам. Толық

 

Астана бейнесі және астаналықтардың көзімен ЭКСПО-2017 өткізу (Әлеуметтік зерттеу қорытындысы)
Астананың Алматыдан Астанаға ауысқанына 16 жыл өтті. Астана осы уақыттың ішінде кішкентай қаладан дамушы мегаполисқа тез өзгерді.Толық

 

Темекі шегу Қазақстандағы әлеуметтік проблема ретінде (Жарияланды, САЯСАТ POLICY журналы, №9 2011 қыркүйек)
Өмір стилін, өмір жағдайы мен денсаулықты зерттеуде темекі шегу сияқты зерттеу пәні негізгілердің бірі болып табылады. Ол белгілі бір деңгейде өмір стилін анықтайды. Темекі жарнамасының нәтижесінде ұзақ уақыт бойы бұқаралық санада темекі шегушінің бейнесі, қандай да бір марка мен темекі шегуге тән ерекше құндылықтарды таратушы ретінде қалыптасты. Толық

 

Еңбек миграциясының қазіргі замандағы ерекшелігі (Жарияланды, Мысль журналы, №3, 2012) (орыс тілінде)
Демографиялық күрт өсу әлемнің еңбек ресурстарының дамушы елдерде шоғырлануының күшеюіне әкелді. Әлемдік экономикадағы жұмыс күшінің артуының барлығы дерлік осы елдерге келеді. Осыған байланысты қазіргі жағдайдағы жаһандық демографиялық проблемалардың маңызды аспектілерінің бірі ретінде дамушы елдерде жұмыспен қамту және еңбек ресурстарын тиімді қолдану болып табылады. Толық

 

Дененің артық салмағы халық денсаулық жайының көрсеткіші ретінде: себептері мен салдарлары (орыс тілінде)
Денсаулық – бұл тап аурудың немесе физикалық кемшіліктердің жоқтығы емес, ал толысқан физикалық, жан және әлеуметтік саулықтың жай-күйі. Дене массасының индексі (body mass index (BMI)) – бойы мен салмақ көрсеткіші, дене массасының индексі – Кетле. Ол мынаған тең: келідегі дене салмағы шаршы квадраттағы бойына бөлінеді. Ол артық салмақтың болуын белгілейді және гипертония (қан қысымының артуы), қант диабеті, атеросклероз және т.б. секілді аурулардың дамуын болжауға мүмкіндік береді. Толық

 

Қазақстандағы еңбек көші-қоны процесіндегі әйелдер құқығының тиімді қозғалысына кедергі болатын заңнамалық мәселелерді талдау (2009 ж. қыркүйек). (орыс тілінде)
2005 жылдың қарашасында Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жайындағы Халықаралық пактіге қосылды. Белгіленген адамды қорғаудың халықаралық-құқықтық режимнің қатысушысы болып, еліміз әйел және ерлер үшін барлық экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқықтарды пайдаланудың тең құқығын қамтамасыз етуге міндеттенді. Сонымен қатар, республика Орталық Азия өңірінің басқа елдері секілді әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық формаларын жою туралы Конвенциясының және оның факультативті хаттамасының Тарапы болып табылады (2001 жылдың 4 маусымында бекітілді). Толық

 

Қазақстандағы әйелдердің еңбек көші-қоны (2009ж. желтоқсан). (орыс тілінде)
Еңбек көші-қоны ағындарының демографиялық құрылымы жалпы құбылыстың өзін түсінуде базалық құраушы болып табылады. Қазақстандағы еңбек көші-қоны жас бойынша экономикалық белсенді ретінде бағалануына болады, оған жыныстың біреуі ғана тән емес. Шын мәнінде соңғы фактор ер және әйел жұмысбастылығының айырмашылығын түсінумен тікелей байланысты: Өзбекстан мен Тәжікстаннан негізінен ер адамдар келеді, әйелдер болса, тек отбасы құрамында келеді; Қырғыстаннан келетін еңбек мигранттарының ішінде әйелдер басым. Толық

 

Қазіргі заманның үйде пісірілген наны (2008 ж. қазан). (орыс тілінде)
Бүгінгі біздің шолуда нан пештері туралы айтылады. Тәтті нанды өздері пісіретін асханадағы ғажайып көмекшілер туралы сөз қозғалады. Толық ақпарат және нақты мәліметтер алу үшін біздің компаниямен нан пеші нарығына шағын зерттеу жүргізілді. Толық

 

Қазіргі заманның әлеуметтік желілері: талдау мен баға беру (2008 ж. қыркүйек). (орыс тілінде)
Күн сайын әлеуметтік желілердің танымалдығы күн санап емес, сағат сайын өсуде. Мұны әр түрлі компаниялар жүргізген әр түрлі зерттеулер растайды. Бұл мақалда біз әлеуметтік желілерді цифрлар және тексерілген фактілер жағынан қарастырғымыз келді. Бірақ басында... Толық

 

Қазіргі кездегі көші-қондағы әйел еңбегі (орыс тілінде)
Қазақстан өзінің дамуы кезеңінде егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде экономика құлдырауының жағымсыз салдарларын жеңуге, экономикалық жағдайдың тұрақтауына және соңғы жылдары тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге кешенді радикалдық нарықтық реформалардың кешенін өткізді. ІЖӨ өсуі тұрақтанды және 2008 жылы 16 млрд. 052 млн. теңгені құрады, 2000 жылы – 2 млрд. 600 млн. теңге болды. Толық

 

Тұтыну қоғамы. (орыс тілінде)
Тұтыну қоғамы дегеніміз не? Ол қалыптасты ма, Қазақстандағы адамдардың «тұтыну» түсінігіне көзқарасы қандай? Бұл сұрақтарға жауап табу және Қазақстандағы бүгінгі тұтыну қоғамын көрсету үшін ҚПЗО 2008 жылдың қарашасында зерттеу жүргізді. Зерттеуге Қазақстанның 7 аймағынан (облыс орталықтары, шағын қалалар және ауылдар) 1300 тұрғындар қатысты. Респонденттерді іріктеу жыныс және жас бойынша квотасы бар кездейсоқ маршруттық іріктеме әдісін қолдану арқылы жасалды. Сұрауға 18-64 жастағы ресронденттер қатысты, оның ішінде 52%-ы әйел, 48%-ы ер адамдар. Толық

 

Астаналықтар мен алматылықтардың астананы көшіруге көзқарасы: социологиялық зерттеу нәтижелері. (орыс тілінде)
1997 жылы ел астанасын бір кездері шағын және қарапайым болған Ақмола қаласына көшіргеннен кейін, Алматы қаласының тұрғындары астаналық тұрғындар мәртебесінен айырылды. Мемлекеттік аппарат Астанаға көшірілгеннен кейін қоғамдық пікір бірнеше жыл бойы алматылықтарға астаналық мәртебесінен айырылуына ренжіген азаматтар мәртебесі алдын ала белгіледі. Бұл факт азаматтардың көңіл-күйінен, мысалы, астаналық аяздар, масалар, нашар қызмет көрсету және т.с.с. туралы анекдоттар мен өтірік әңгімелердің көптігінен аңғарылды. Толық

 

Әлем қайда домалап барады немесе бізбен ертең не болады? (орыс тілінде)
«ҚПЗО» социологиялық және маркетингтік зерттеулер агенттігі өз бастамасымен және өз есебінен 2008 жылдың мамырында жас қазақстандықтардың білімпаздығына байланысты қызық зерттеу өткізді.
Сұрауға 7 облыстық орталық пен 7 шағын қаладан 15-24 жастағы жастар қатысты. Зерттеу жасамастан бұрын алынған нәтижелер бізді талқындырады деп ойладық, бірақ соншалықты талқындырады деп күтпедік. Толық

 

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық – бұл қылмыс па не заңсыздық па? /Әлеуметтік талдау/ (орыс тілінде)
Әйел құқықтарын іске асырудың және олардың қоғам өміріне ер адамдармен бірдей қатысуына негізгі кедергі әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық және зорлық-зомбылық жасалу қаупі болып табылады. Халықаралық құқық бойынша әйелге қатысты зорлық-зомбылық ретінде әйелдерге физикалық, психологиялық зиян немесе қиналыс келтіретін немесе келтіруі мүмкін жыныстық сипат негізінде жасалған кез келген әрекет, сондай-ақ, қоғамдық немесе жеке өмірінде болсын, мәжбүрлеу немесе бостандығынан айыру секілді мұндай актілерді жасау қаупі деп түсініледі. Толық

 

INTAS_Қазақстан жобасы: экономикалық трасформацияның объективті индикаторларын талдау (орыс тілінде)
Қазақстан Республикасының 10 жылдық тәуелсіз дамуы халықтың әлеуметтік және демографиялық құрылымындағы едәуір өзгерістермен есте қалды. Әлеуметтік-демографиялық процестер бүкіл қоғамдық жүйенің түбегейлі қайта құрулармен, қоғам мен экономиканың модернизациясы процестерімен шартталды, жағымды да, жағымсыз да үрдістермен сипатталды.
INTAS ғылыми-зерттеу жобасы шеңберінде өтпелі кезең жылдары болған өзгерістерді зерттеу бойынша ақпаратты жинау мен талдау жүргізілді. Бұл жоба ТМД (Армения, Белорус, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Украина, Әзірбайжан, Өзбекстан) 10 елінде соңғы жылдары болған әлеуметтік, экономикалық және саяси өзгерістер туралы аналитикалық есеп жазуға бағытталды. Толық

 

Посткеңестік кезеңдегі Қазақстандағы көші-қон (орыс тілінде)
Қазақстан Республикасының 1991 жылы мемлекеттiк тәуелсiздiк алуымен, бұрынғы Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағының трансформациялық процестерiнiң басталуымен және басқа да көптеген Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнде секілді Қазақстанда жекелеген этникалық топтардың тарихи Отанына оралу мүмкiндiгiнің кеңеюiмен есте қалды, көшi-қонның терiс сальдосының өсу үрдiсi қалыптасты. Солай, 1991 жылдан бастап 2001 жылға жейін көші-қонның теріс сальдосы халықтың табиғи өсімін толығымен жұтып қана қоймай, одан 2 есе асып кетті, өйткені 80-жылдарға қатысты туу санының күрт төмендеуі мен қайтыс болғандар санының ұлғаюы есебінен халықтың табиғи өсімі 90-жылдары 2 есеге азайды. Толық

 

Электоралды зерттеулердің сапасы (немесе кездейсоқ және жүйелік қателерді қалай азайтуға болады) (орыс тілінде)
Қазақстанда Ресейге қарағанда, электоралды зерттеу сапасы соңғы уақытқа дейін қадала қараудың объектісі болмады. Электоралды зерттеулер әкімшілік ресурстардың көлемін бағалауға қабілетсіз, сондықтан оның кең қолданылуы сайлау қалай өткізілсе де, сайлауда алынған нәтижелермен жанаспайтын нәтижелер береді. Республика басшылығының мәлімдемелеріне қарағанда қазіргі сайлауалды науқанының қызуымен нықталған Мәжіліс сайлауы негізінен халықаралық критерийлерді қанағаттандыратын болады. Толық

 

Қазақстандағы әйелдерге қатысты үйдегі зорлық-зомбылық: таралуы мен алғышартары (орыс тілінде)
Бұл мақала Қазақстандағы әйелдерге қатысты үйдегі, немесе отбасыдағы, зорлық-зомбылықты зерттеуге арналған. Сандық зерттеулер нәтижесіне сүйене отырып, бұл құбылыстың ауқымын және алғышарттарын бағалау талпынысы жасалды. Толық

 

Жаһандану процесіндегі әйелдер және зорлық-зомбылық мәселесі (орыс тілінде)
Қазіргі шиеленісті және күрделі әлемге тән ерекшелік – мемлекеттер, сонымен қатар әлеуметтік топтар және индивидтер деңгейінде жүзеге асатын жаһандану процесі. Шынайы өмірде жүзеге аса отырып, қоғамдық сана-сезім және мәдениет саласында бұл факті қазірде ұғынылуда. Толық

 

Жетім балалардың интернат жағдайынан шығару: жай-күйі, проблемалары, келешегі (2004 ж. мамыр) (орыс тілінде)
Балаларды инстутиционалдау, яғни интернаттық мекемелерге орналастыру олардың дамуы үшін залалды деп саналады. Дамыған елдерде отбасыларға өзінің балаларына қамқорлық жасағысы келетіндей және оған мүмкіндік болатындай қолдау жасауға тырысады. Ерекше жағдайларда баланы бала асыраушы ата-аналарға береді, ал интернаттық мекемелерге орналастыру сирек қолданылады. Қазақстанда ата-анасы баққысы келмейтін немесе баға алмайтын балаларға қатысты мәселенің негізгі шешімі ретінде бұрынғыдай инстутиционалдау қалып отыр. Толық

 

Қазақстан халқына медициналық қызмет көрсету: шынайылығы және баға беру (2003 ж. қыркүйек) (орыс тілінде)
Халық денсаулығы және денсаулықсақтау жүйесінің жағдайы – елдің даму деңгейінің негізгі көрсеткіштері мен критерийлерінің бірі. Елдің тұрақты дамуы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің динамикасын ғана емес, адами дамудың басты критерийлерінің бірі болып табылатын өмір ұзақтығының өсуін де сипаттайды. Әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру, оның ішінде медициналық көмек көрсетуде, таңдау мүмкіндігінің өсуі әлемнің кез келген ел дамуының басты мақсаттарына айналады. Толық

 

Темекі шегу Қазақстандағы әлеуметтік проблема ретінде (2003 ж. тамыз) (орыс тілінде)
Өмір стилін, өмір жағдайы мен денсаулықты зерттеуде темекі шегу сияқты зерттеу пәні негізгілердің бірі болып табылады. Ол белгілі бір деңгейде өмір стилін анықтайды. Темекі жарнамасының нәтижесінде ұзақ уақыт бойы бұқаралық санада темекі шегушінің бейнесі, қандай да бір марка мен темекі шегуге тән ерекше құндылықтарды таратушы ретінде қалыптасты. Темекі шегудің денсаулыққа негативті әсері бұрыннан белгілі, сондай-ақ темекі шегудің ең ауыр салдары - өкпе обыры қаупінің күрт өсуіне әкеледі. Сондай-ақ темекі шегу әдеті шығынды болып табылады - темекі шегушілер оны қанағаттандыру үшін көп қаржы жұмсайды. Толық

 

Қазақстандағы өндіруші компаниялардың қатысуы мен қызметі (қорытынды есеп, омнибус, 2005 ж., шілде) (орыс тілінде)
Бұл сандық маркетингтік зерттеудің мақсаты Қазақстан нарығындағы өндіруші компаниялар қызметін зерттеу болып табылады.
Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды::
• Өндіруші компаниялардың танымалдылық деңгейін анықтау;
• Тауар маркаларының танымалдылық деңгейін анықтау;
• Тұрғындардың өндіруші компаниялардың беделіне көзқарасын анықтау;
• Қазақстан нарығындағы өндіруші компаниялардың қатысуы мен қызметінің оң және теріс жақтарын анықтау. Толық

 

Әйелдерге қатысты отбасылық зорлық-зомбылық факторлары (орыс тілінде)
Мақала ҚР БҰҰ-ның (UNFPA) Ел халқы Саласындағы Қорының қаржылық және техникалық қолдауымен Президенті жанындағы әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының бастамасымен Қоғамдық Пікірді Зерттеу Орталығымен (ҚПЗО) 1999 жылдың қараша-желтоқсан айларында жүргізілген «Қазақстандағы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық» зерттеуінің біршама нәтижелері келтірілген. Зерттеу бұл құбылыстың табиғаты мен ауқымын ұғыну үшін қажет мәліметтерді жинауға бағытталды. Толық