ҚПЗО 30-жылдық мерейтойы!

2018 жылы қазан айының соңында ҚПЗО зерттеулік қызметтер нарығындағы жемісті жұмысының 30-жылдық мерейтойын атап өтті. Бұл уақыт ішінде әлемнің әр түрлі елдеріндегі серіктестермен түрлі-түрлі тақырыптағы көптеген жобалар жүзеге асырылды. Біз барлық Тапсырыс берушілеріміз, Серіктестеріміз, Қызметкерлеріміз, Супервайзерлерімізге, Интервьюерлер мен Респонденттерге құнды зерттеулік және тұрмыстық тәжірибесі, қателіктер мен жетістіктері, өзара түсіністігі мен серіктестігі үшін алғысымыздыбілдіреміз. Біздерге және біздің барлық достарымызға жұмыста табысты болуды, амандық пен өркендеуді тілейміз. Бізде ғажайып тәжірибе бар және біздің бұрынғысынша жаңа қызықты жобаларда жұмыс істеуге құлшынысым зор. Біз туған күнді қонақжай Грузияда атап өттік. Біз тату ұжымымызбен Грузияның бірнеше тамаша қаласына бардық және біздің серіктесімізбен - «Горби» қоғамдық пікірді және бизнесті зерттеу халықаралық орталығымен - кездесу өткіздік.

 

​​Кері қайту

Комментарии

Оставить комментарий