Қазақстан әлеуметтанушыларының Ассоцияциясы

Қазақстан әлеуметтанушыларының Ассоцияциясы – әлеуметтік гуманитарлық бағыттағы ғалымдарды біріктіру мақсатында құрылған тәуелсіз, кәсіби бірлестік. 2002 жылы 17-18 мамыр айында Қазақстан әлеуметтанушыларының бірінші Конгресінде құрылған болатын (ISA).

 

ҚСА жоғары органы Қазақстан әлеуметтанушыларының Конгресі болып табылады.
Ассоциацияның стратегиялық мақсаты елдегі әлеуметтанулық қауымдастықтардың интеллектуалдық және ғылыми-ұйымдасу болашағын жақсарту болып табылады. Ассоцияция қазіргі Қазақстан қоғамындағы үрдістерді әлеуметтік және саяси өлшеу әдістері мен әдіснамаларын жетілдіру арқылы ғылыми зерттеулерге белсенді қатысады.
ҚСА іс-шараларын ұйымдастыру және өткізуге ҚР Президент әкімшілігі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР білім және ғылым министрлігі, білім бері мекемелері – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университет, Яссауи атындағы Қазақ-түрік университеті, аймақтық университеттер; халықаралық ұйымдар - «Сорос-Казахстан» қоры, ОБСЕ-нің Қазақстандағы өкілдігі, БҰҰДБ өкілдігі, зерттеу құрылымдары көмек береді.
Қазақстан әлеуметтанушыларының ассоциациясы Түркия, Әзірбайжан, Ресейдің ұқсас құрылымдарымен серіктестікті қалыптастырды. Ассоциация мүшелері халықаралық конгрестерге, конференцияларға, дөңгелек үстелдерге қатысады.

 

www.ask-aleumettanu.kz