ESOMAR

European Society For Opinion And Marketing Research
Маркетингтік зерттеулер және қоғамдық пікір жөніндегі еуропалық қауымдастық

 

Қоғамдық пікірді зерттеу және маркетингтік зерттеулер саласындағы мамандарды біріктіретін жетекші бүкіләлемдік ассоциациялардың бірі болып табылады.

 

Қауымдастық, 29 жетекші еуропалық зерттеушілер халықаралық кәсіби ассоциация құру үшін кездескен кезде, 1948 жылдың қыркүйегінде негізі салынды.

 

Ассоциацияны құру мақсаты Еуропадағы және әлемнің басқа мемлекеттерінде маркетингтік зерттеулердің дамуына және танымал болуына жәрдемдесуге ұмтылу болды. Бүгінде ESOMAR әлемнің 100 елінде 4000 дара мүшелерді қамтиды.

 

Ұйымның бас кеңесі Амстердамда (Голландия) орналасқан.
Ассоциацияға мүшеліктің басты міндеті - әлемнің әр түрлі зерттеушілері арасындағы зерттеу әдістемесі саласындағы кәсіби тәжірибимен, жаңа жетістіктермен, сондай-ақ алынған зерттеулермен алмасу.

 

Ассоциацияда мүшелік қатаң дербес болып табылады және маманның зерттеу саласындағы халықаралық мойындалуын қамтамасыз етеді.

 

2007 жылдың басында ҚПЗО Агенттігінің директоры Әлімбекова Гүлжан Тоқтамысқызы ESOMAR мүшелігіне қабылданды.

 

ESOMAR зерттеудің әдістемесі мен сипатына қарамастан, респонденттердің құқықтарын қорғау туралы мәселесін қойған алғашқы ұйым болып табылады.

 

www.esomar.org

 

Халықаралық маркетингтік зерттеулер кодексі (ESOMAR кодексі)
(1976 жылы Қоғамдық пікір мен маркетингті зерттеу бойынша Халықаралық сауда палатасы мен Европалық қоғаммен қабылданды (ESOMAR) Толығырақ