IPSA

IPSA 1949 жылы Парижде ЮНЕСКО қамқорлығымен ашылды.

 

Жарғысында көрсетілген арнайы мандаты әлемнің барлық бөліктерінде саяси ғылымдардың дамуын қолдау, Шығыс және Батыс, Солтүстік пен Оңтүстікті байланыстыратын академиялық желілерді құру болып табылады. Оның мақсаты - барлығы қатыса алатын тегіс қамтитын және жаһандық саясаттанулық қауымдастық құру. Ол жаңа және тұрақтанған демократия ғалымдары арасындағы қызметтестікке жәрдемдесуге және әлеуметтік ғылымдарды өркендету үшін қажет академиялық еркіндікті қолдауға бағытталған.

 

IPSA қызметі мен саясаты оның жаһандық миссиясын көрсетеді. Ол ұлттық ғылыми саяси бірлестіктерді көтермелеуде өте сәтті болды. Бүгінгі уақытта IPSA кіретін 50-ден аса сондай бірлестіктер бар. IPSA Біріккен ұлттар ұйымымен өз байланысын сақтады және басқа халықаралық және аймақтық саяси ғылыми ұйымдардың дамуын қолдайды.

 

IPSA ұйымдастыратын Саяси Ғылымдар бойынша Әлемдік Конгресс 2 жыл сайын әр түрлі континенттерде өткізіледі. Аз дамыған елдердегі ғалымдардың қатысуына гранттар және Жаһандық Оңтүстік Ынтымақтастық Қоры (Global South Solidarity Fund) арқылы демеу жасалады. IPSA Зерттеу Комитеттері белгілі бір бағытта жұмыс жасайтын саясаттанушыларға әлемнің барлық жеріндегі әріптестерімен араласуға мүмкіндік береді. Дүниежүзілік конгресстер шеңберінде іс-шаралар ұйымдастырып, ұлттық ассоциациялардағы мамандармен біріге жұмыс істей отырып, зерттеу комитеттері дағдылар мен ресурстардың бірігуін қолдайды.

 

IPSA өзінің барлық қызметінде аймақтар, жыныстар және ғылыми дәрежеге байланысты теңгерімді өкіллеттілігін қамтамасыз етуге ұмтылады – мысалы, жаңа зерттеу комитетін құру, ең болмаса, екі континенттегі жеті мемлекеттің саясаттанушыларынан қолдау табуы қажет. IPSA өткізетін конференциялар мен дөңгелек үстелдерден де әр түрлілік күтіледі – бір континенттен артық және аз дегенде, төрт елден өкілдер қатысуы қажет.

 

IPSA Солтүстік, Оңтүстік, Шығыс пен Батыс ғалымдарын байланыстырып, жаһандық саясаттанулық қауымдастықтың негізінде жатқан желілерді нығайтады. Мұндай байланыстар саяси ғылымның жағдайын нығайтады, қоғамдық талқылау мен шешім қабылдау сапасының көтерілуіне жәрдемдеседі, сондай-ақ, тығыз байланысқан саяси әлемді жақсырақ түсінуге жәрдемдеседі. Соңында, IPSA өз мемлекетінің ішінде, не сыртында болса да ер адамдар мен әйелдердің саяси өмірге нәтижелірек қатысуға құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтудегі саяси ғылымның рөлін қолдайды.

 

www.ipsa.org