КАПИОР

Қоғам және нарықты кәсіби зерттеушілердің Қазақстандық ассоциациясы

 

Ассоциацияға кіру шарттары, мүшелік түрлері, бұл ассоциацияға мүше болу мүмкіндігімен байланысты тиімділігі мен артықшылықтары туралы ақпарат.

 

Ассоциация мүшелігіне кіру жайында шешім қабылдаған ұйымдарға КАПИОР-дің Атқарушы директорына келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:
1. КАПИОР мүшелігіне кіру туралы президент атына ұйым бланкісіндегі ұйымның бірінші адамының қолы қойылған және дөңгелек мөрі басылған өтініш.

 

Өтініш нысаны:
Ассоциация Жарғысымен және негізгі келешектегі міндеттер тізімімен танысып, (ұйым атауы) КАПИОР мүшесі болуға ниет білдіре отырып, Ассоциация Жарғысымен келіседі және оны орындауға міндеттенеді.
1. Жетекші қолы және мөрі қойылған, келесілер туралы мәліметтері бар анықтама:
• ұйымның пошталық мекен-жайы;
• жетекшінің толық аты-жөні, лауазымының толық атауы;
• бас бухгалетрдің толық аты-жөні;
• жетекшілер мен бас бухгалтердің байланыс телефондары;
• тікелей байланыс жасаушы адамның толық аты-жөні, оның телефоны;
• ұйымның факс телефоны;
• ұйымның және/немесе байланыс жасаушы адамнның (бар болса) Internet және/немее e-mail мекен-жайы;
• ұйымның банктік деректемелері (ЖСН, ОКПО, ОКОНХ, есеп айыру шоты, банк атауы, банк кор/шоты , банк мекен-жайы, банк ЖСН, банк БЖК).

 

Өтініш қабылданғаннан кейін Ассоциация Басқармасы Ассоциацияның Жалпы жиынында Ассоциацияға жаңа Мүшені енгізу туралы шешім қабылдайды.
Ұйым КАПИОР мүшелігіне қабылданған жағдайда кіру жарнасын төлегеннен бастап КАПИОР мүшесінің құқықтарына ие болады және міндеттерін атқарады.

 

Ассоциацияға мүше болудың санаттары қандай?

 

Ассоциацияда мүшеліктің келесі формалары қарастырылған:
а) тұрақты мүшелік;
б) қауымдастырылған мүшелік;

 

Ассоциацияның тұрақты мүшесі
• ассоциацияның тұрақты немесе толық мүшесі ретінде маркетингтік қызметтер (немесе маркетингтік қызметтер көрсететін бөлімі) көрсететін кез келген зерттеу компаниясы бола алады.
• сондай-ақ, нарықты зерттеу саласындағы консалтингтік немесе аналитикалық зерттеу, теориялық-тұжырымдамалық жұмыспен айналысатын және сәтті тәжірибесі, жинақталған зерттеу әдістемесі мен құралдары бар кез келген фирма.

 

Ассоциацияның қауымдастырылған мүшесі
• ассоциацияның қауымдастырылған мүшесі ретінде маркетингтік және консалтингтік қызмет көрсетумен немесе қызметтің аралас түрімен айналысатын кез келген ұйым бола алады
• сондай-ақ, маркетингтік қызметтерді пайдаланушы болып табылатын кез келген компания, немесе нарықты тестілеу немесе зерттеу негізінде стратегиялық шешімдер қабылдау қажеттілігін мойындайтын және мұндай шешімдер қабылдау тәжірибесі бар компания.
• сондай-ақ, маркетинг, жарнама немесе ПР саласында кәсіпқой болып табылатын, бизнес-құрылымдарында немесе кәсіпкерлікте практикалық жұмыс тәжірибесі бар кез келген жеке тұлға.

 

Мүшеліктің қаржылық талаптары: төлем тоқсан сайын төленеді және ұйымдағы мүшелер санына байланысты – мүшелер көп болған сайын заңды тұлғалар үшін төлем азаяды. Бүгінгі күнде мынадай сома төленеді:

 

• заңды тұлға – айына 4200 теңге және алғашқы бір реттік төлем – теңге бағамы бойынша 400$
• заңды тұлға – айына 1200 теңге

 

Мүше болудың зерттеу компаниясы, бизнес-компания, жеке тұлға үшін тиімділігі

 

Толық мүшелер үшін КАПИОР кірудің артықшылықтары
• Өзін таныстыру
• Имидж (өз сегментіндегі алдынғы, кәсіби компания)
• Кәсіпқойлар арасындағы ақпарат алмасу
• Достық байланыстар
• Кәсіби мәртебесін растау
• Жеке кәсіби даму мен оқыту
• Жалпы ресурстарды құру және пайдалану
• Эксперттік бағалау, ұсынылған проблема бойынша (бір мүшесінің) көмек, кеңес алу
• Ассоциация логотипін презентациялық материалдарда қолдану құқығы, бұл кәсіби қауымдастыққа жатуын көрсетеді;

 

Қауымдастырылған мүшелер үшін КАПИОР кірудің артықшылықтары

 

• Кәсіби Ассоциацияның маркетингтік қызметтер саласындағы беделі мен мойындалуы
• МТУ (тауарлар және қызметтер маркетингі) журналы беттеріндегі Сіздің компания туралы ақпаратты тегін орналастыру
• КАПИОР ұйымдастыратын семинар және тренингтерде, конференцияларға қатысуға жеңілдіктер ұсыну
• КАПИОР конференицияларына қатысу
• Ассоциацияның мұрағатына және case studies қолжетімділік;
• Ассоциация логотипін презентациялық материалдарда қолдану құқығы, бұл кәсіби қауымдастыққа жатуын көрсетеді;
• КАПИОР мүшелері өткізетін тегін мастер-класс және экспресс-семинар/тренингтерге бару арқылы кәсіби мәртебесін көтеру
• КАПИОР іс-шараларында жарияланым мен баяндамаларға мүмкіндік;
• Жеке имиджін көтеру (жеке мүшелік үшін)

 

Осылайша:

 

Өз компанияның бизнесін белсендірек дамыту үшін КАПИОР мүше болу артықшылықтарын пайдаланыңыз. Өйткені Ассоциацияға қатыса отырып, Сіз нарық мүмкіндіктерінің ашық есіктерінен барынша пайда алуға көмек беретін ақпараттың кең спектрін алуға мүмкіндік аласыз.
• Ассоциацияның іс-шараларынан және арнаулы тренингтері мен мастер-кластарынан пайда алу арқылы Өз қызметкерлерінің білімін кеңейтіп, біліктілігін көтеріңіз.
Маркетингтік және әлеуметтанулық зерттеулердің үрдістері мен жаңа технологиялары туралы ең жаңа ақпарат алу. Біздің ресурстарымыздың арқасында өз кәсіби дағдыларыңызды дамытыңыз.
Маркетингтік қызметтен барынша пайда алуға үйреніңіз, біз Сізге көмек бере аламыз.
Өз Брендіңізді жылжыту – бұл дегеніміз, эксперттік көмекті уақтылы ала отырып, өз бизнесіңіздің жоғары тиімділігін қамтамасыз ету. КАПИОР мүшесі бола отырып, Сіз бұл эксперттік көмекті пайдалануда бірқатар артықшылықтарды қолдана аласыз. Зерттеу саласындағы эксперттер кеңесі Сізге сіздің брендіңізді маркетингтік жылжыту үшін жаңа технологиялық шешімдерді тез және нәтижелі жетілдіруге мүмкіндік береді.
Өз компанияңызды танымал ету, және маркетингтік саладағы кәсіпқойлармен байланысыңызды өзіңіз көрсету үшін Біздің логотипті қолданыңыз.

 

www.kapior.kz

Қазақстанның қоғамдық пікірді және нарықты кәсіби зерттеушілер Кодексі (КАПИОР кодексі) (алғаш 2008 жылы 26 наурызда КАПИОР Ассоциациясымен қабылданды) Толығырақ