ҚБ «Шырақ» Мүгедектігі бар әйелдер ассоциациясы Алматы қаласында тұратын 18-40 жас аралығындағы мүгедектігі бар адамдарға арналған «Тәуелсіз өмір мектебі»

 Ерекше жандар. Барлық адам ерекше болғанымен оның жан дүниесіндегі ерекшелікті Бізге көрсетуі ол адамды басқа адамдардан айқындап көрсететін ерекшелікті көрсетеді. Біз кездестірген адамдар көп жұлдыздың ішіндегі «Жарық Жұлдыздар».

2020 жылдың қазан айының 23-30 күндері аралығында ҚБ «Шырақ» Мүгедектігі бар әйелдер ассоциациясы Алматы қаласында тұратын 18-40 жас аралығындағы мүгедектігі бар адамдар арасында «Тәуелсіз өмір мектебін» ұйымдастырды. Осы жылғы мектептің басты айырмашылығы ол жобаның «Ten Qogam» әлеуметтік қолдау орталығыны білім беру базасы негізінде жүргізілуінде. Осылай Тәуелсіз өмір мектебіне қатысушылар сабақтар барысында алған білімдерін практикалық бекіте алады.

Тәуелсіз өмір мектебі Іле Алатауы бөктерінде орналасқан «Ақ-Бастау» таулы пансионатында өтеді.

Қатысушылар 7 күн бойы ең мықты тренерлерден келесі бағыттар бойынша ақпараттар алады:

 

  • адам құқықтары мен ол құқықтарды күнделікті өмірде қолдану;
  • әртүрлі адамдар арасындағы дискриминацияны болдырмау мен адамдар арасындағы теңдік мәселесі;
  • критикалық ойлау қисынын дамыту, өзіңдегі лидерлік қабілеттерді дамыту мен оларды қолдану;
  • өз бетімен өмір сүру дағдыларын жетілдіру және инклюзивті қоғамда қарым-қатынастар орнату.

25 қазан айында ҚПЗО директоры Гульжан Алимбекова мен компания қызметкері Айнұр Бақытжанованың қатысуларымен Тәуелсіз өмір мектебінде мүгедектігі бар Алматы қаласының 18-40 жастағы қыздар мен жігіттерге шығармашылық сессиялар форматында практикалық тренинг ұйымдастырды. Тренинг барысында қатысушылар өздерін көпшілік алдында таныстырды, «Менің кәсібім» атты тапсырмада қатысушылар топ болып бірігіп  бизнес бастауларын көрсетті, жобаларын таныстырды, соңғы тапсырма бойынша қатысушылар өздерінің «Болашақтағы Мен»-деріне арнап хат жазды. Осындай тапсырмаларды орындау барысында қатысушылар қоғамдағы адамдардың мүмкінгіді шектеулі адамдардың қоғамға деген көзқарастарын өзгерте алды, өздерінің шығармашылық патенциалдарын көрсетіп өздерінің ерекше мүмкіндік иегерлері екендігін біле және сезіне алды. «Жарық Жұлдыздар» жандүниелері ашық, жарық жандар екен. Олардың өздерін таныстырулары, көпшілік алдында өнерлерін еркін көрсетулері, ерекше қалжындары мен болашақтағы Өздеріне жазған хаттары жандүниені жылытып шынымен де өмірдің сынақтарына төтеп беруге ынталандырады.

 

 

Тәуелсіз өмір мектебін ұйымдастырушыларға және қатысушы «Жарық жұлдыздарға» Біз өмір сүріп отырған қоғамда қайрымды рух, болашаққа сенім, мейрім мен шапағат сыйлағандарына алғыс айтамыз. Сіздерге, барлық жақсылықты тілейміз! Мықты рух, асқақ арман, таудай табыс!

 

 

Жақсылық жасаңыз, махаббатқа толы болыңыз, күлімдеп жүріңіз!

https://www.facebook.com/shyrak.kz/

https://www.instagram.com/shyrak.kz/?hl=af

​​Кері қайту

Комментарии

Оставить комментарий