Вакансиялар

ҚПЗО-да қызмет – бұл Сіздің мансапқа жету жолыңыздың сәтті бастамасы және лайықты жалғасының кепілі. Біз әлеуметтанулық және маркетингтік зерттеулердегі қызықты жобаларымен жұмыс істеуді, Компанияның ынтымақты командасы ішінде тиімді тәжірибемен алмасуды, кәсіби және тұлғалық дамудың болашағын ұсынамыз.

 

Егер Сіз түйіндемеңіз компанияның HR-қызметі қорына түсуін қаласаңыз бізге мына мекенжай арқылы жібере аласыз: a.shabdenova@ciom.kz

 

Қазіргі кезде компанияда келесі бос жұмыс орындары бар:

 

Деректерді өңдеу және талдау бөлімінің қызметкері

Қызметтік міндеттер:
• деректерді енгізуге макет жасау
• деректерді енгізуді ұйымдастыру
• деректерді талдауға дайындау, деректерді талдауға арналған макет жасау

 

Талаптар:
• зерттеулердегі жұмыс тәжірибесі құпталады
• әлеуметтік/маркетингтік жоғары білім құпталады. математикалық/экономикалық қарастырылады
• ДК (бағдарламалармен, планшеттермен жұмыс істеу) еркін қолдана білу
• байланысқа бейімділік, командамен жұмыс істеуді қалау және білу
• сауаттылық
• қазақ тілін білу
• ағылшын тілін білу құпталады
• сараптамалық ойлау
• статистикалық өңдеу бағдарламаларын білу: SPSS және т.б.

 

Қостанай, Астана, Ақтау, Өскемен, Атырау, Көкшетау қалаларындағы супервайзерлер

 

Қызметтік міндеттер:
• түрлі сұрау жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру
• сұрау жүргізушілерді іріктеу
• сұрау жүргізушілерге түрлі тренингтер және нұсқаулықтар өткізу
• жұмысты бақылау

Талаптар:
• жоғары немесе арнайы орта білім;
• командада жұмыс істей білу;
• жауапкершілік;
• байланысқа бейімділіктің жоғары деңгейі

 

Түйіндемені мына мекенжайға бағыттау қажет: a.shabdenova@ciom.kz немесе келесі телефонға хабарласуға болады: +7 (727) 390-41-18.

 

Іс-тәжірибеден/тағылымдамадан өту

Қоғамдық Пікірді Зерттеу Орталығы Сізді іс-тәжірибеден/тағылымдамадан өтуге шақырады, бұл:
• елдегі үздік әлеуметтанулық зерттеу орталықтарының бірінде тәжірибелі жұмыс біліктіліктерін игеру мүмкіндігі;
• қоғамдық пікір және маркетинг саласындағы зерттеу жобаларына қатысу;
• әлеуметтанулық деректерді өңдеу және талдау бағдарламаларымен жұмысы бойынша біліктіліктерді жетілдір;
• Іс-тәжірибеден өткені жөнінде сертификат/әрмен қарай оқу және жұмысқа орналасу үшін тек жақсы нәтижелері бойынша мінездеме;
• Өзін жақсы жағынан таныту арқылы компанияның кадр қорына ену мүмкіндігі.

 

Келесі телефонға хабарласыңыз: 8 727 390 41 18, e-mail: a.shabdenova@ciom.kz

 

Вакансия: Ерікті
Қоғамдық Пікірді Зерттеу Орталығы Сізді ерікті жұмысқа шақырады.

 

Үміткерге талаптар:
Зерттеу компаниясында бағалы тәжірибе жинау;
► Позитивті ұстаным, ынталылық;
► Жауапкершілікті, байланысқа бейімділік, ықылас, қайраттылық.

 

Жеке қасиеттер:
► Нәтижеге жетуге деген үлкен құштарлық;
► Парасаттылық, адалдық, жауапкершілікті, еңбекқор, білімін көтеруге деген құштарлық

 

Жұмыс шарттары:
► Ақысыз негізде жұмыс істеу (өтеусіз)
► Қоғамдық пайдалы жұмыс.
► Әр-түрлі жұмыс және біліктіліктерге үйрету.
► Жағымды нәтижелері бойынша сертификат беру.
► Жұмысты жақсы орындаған жағдайда мінездеме беру.
► Ішінара жұмыс істеу

 

Келесі телефонға хабарласыңыз: 8 727 390 41 18, e-mail: a.baqytzhanova@ciom.kz

 


Сұхбат жүргізуші

Қоғамдық Пікірді Зерттеу Орталығы Сізді, холл-тестілерге, планшет, қағаз анкеталар арқылы сұрау жүргізу (пәтердегі, көшедегі, телефон арқылы және т.б) үшін Сауалнамашы қызметіне шақырады.

 

Қызметтік міндеттері:
► бағдар бойынша тұрғындарды сұрау;
► «қар жентегі» әдісі арқылы тұрғындарды сұрау;
► респонденттер көп жиналатын жерлердегі сұрау;
► көрсетілген телефондар және мекенжайлар бойынша сұрау;
► фокус-топтарға, талқылауларға арналған іріктеу жүргізу.

 

Талаптар:
► жоғары немесе арнайы орта білім;
► командада жұмыс істей білу;
► жауапкершілік;
► байланысқа бейімділіктің жоғары деңгейі;
► планшеттермен жұмыс тәжірибесі құпталады

 

Келесі телефонға хабарласыңыз: 8 727 390 41 18, +7 708 832 95 05, e-mail: a.baqytzhanova@ciom.kz