Маркетингтік зерттеулер/Бизнеске арналған зерттеулер

«Маркетинг» ұғымына берілген анықтамалардың бірі – «Қажеттіліктерді қанағаттандырудан пайда табу». Сондықтан да маркетингтік зерттеулердің кілттік маңызды міндеттерінің бірі нарықтың қажеттіліктерін анықтау және түсіну болып табылады.
Маркетингтік зерттеулер бұқаралық өндіріс және бұқаралық тұтыну нәтижесінде пайда болған өндіруші мен тұтынушының арасындағы ақпарат алмасудағы бос орынды толтыруға мүмкіндік береді.

 

Маркетингтік зерттеулер жүргізу «тұтынушылардың пікіріне құлақ асуды» білдіреді. Өнім өндіруші компаниялар көптеген сұрақтардың жауабын білгісі келеді: өздерінің клиенттері кім? Оларды қайдан табуға болады? Олардың қажеттіліктері қандай? және т.б сұрақтарға жауап басқару шешімдерінің сапасын жақсартуға мүмкіндік беретіндіктен онымен байланысты салалардағы қауіптерді азайтады.
Маркетингтік зерттеулер, бұл ақпараттар сатып алынатын немесе шығарылатын тауарлардың номенклатурасы мен көлемін анықтауға және оларды нақты тұтынушылар тобына мекен-жайы бойынша өткізуді ұйымдастыруға қажетті толық және сенімді ақпараттар алу мақсатында жүргізіледі. Маркетингтік зерттеулер жаңа тауарлар мен қызметтерді жобалауда, оларды ең жақсы үлгіде тарату мен жарнамалауда кілттік маңызды рөл ойнайды. Маркетингте сандық та, сапалық та зерттеу әдістері жиі қолданылады.

 

 

Зерттеу түрлері
• Тұтынушыларды зерттеу (U&A), тұтынушылық мотивация және тұтынушылық мінез-құлықты зерттеу және т.б.
• Өмір стилін зерттеу
• Онлайн-сұраулар (CAWI)
• "Марканың танымалдығын" зерттеу
• Қаптаманы/өнімді тестілеу
• Қызметкерлерді зерттеу
• Имидждік зерттеулер
• Бағалық зерттеулер
• Бәсекелес ортаны зерттеу
• Бағалық аудит
• Менеджмент мақсаттары үшін зерттеулер
• Маркетингтік және әлеуметтік мониторинг
• Жарнама каналдарының тиімділігін зерттеу
• Жарнама тұжырымдарын және өнімдерін тестілеу
• Жарнама роликтерін, науқандарды және PR-материалдарын тестілеу