Компанияның құндылықтары мен миссиясы

Миссия – Заманауи үрдістерді және ерекшеліктерді зерттеу және түсіну арқылы адамдарға, қоғамға және компанияларға жақсы болашаққа жету үшін көмек беру!

 

Компанияның құндылықтары
• Кәсіби біліктілік – кәсібилер ретінде нәтижеге бағдар ұстау.
• Шығармашылық және инновация – біздің зерттеулердегі жасампаз және тәжірибелі қызметтердің негізі.
• Объективтілік – барлық зерттеулер үшін маңызды әрі міндетті шарт.
• Тиімділік және сапа – басты шарт және қабылданатын шешімдердің дұрыстығының маңызды кепілдемесі.
• Ынтымақтастық және серіктестік – жемісті қарым-қатынастар бізге жаңалықтар ашуға, БІЗДІҢ КЛИЕНТТЕР мен БІЗДІҢ КОМАНДАНЫҢ дамуына шабыт береді.

 

Компанияның негізгі ресурстары — бұл қызметкерлер. Біз өзіміздің зерттеу жұмысымызды жақсы көреміз және өз нәтижелерімізбен мақтанамыз. Күн сайын біз тек клиенттер мен серіктестер үшін ғана емес, өзіміздің қызметкерлерге де жаңа мүмкіндіктер ашамыз.

 

Біздің команда – жұмысқа деген ыңғайды қалыптастыратын, және біздің зерттеу жұмысқа сапалы, тиімді және кәсіби түрде көмектесетін біздің әр қайсымыздың мықты жақтарымыз және ерекше қабілеттеріміз бар. Кез келген жобаның сәттілігі адамдар командасына, оның құрамына, кәсібиліктеріне, ұйымшылдықтарына және нәтижеге бағытталуына байланысты.

 

ҚПЗО командасының өмірлік қағидалары
Біз өз жұмысымызды орындаймыз, бұл бізге шынымен де ұнайды, біз өзіміздің атқарған ісімізбен мақтанамыз және одан рақат аламыз. «Шынайы рақат сыйлайтын іспен айналыс, сонда сен бақыттырақ боласың».
Бумеранг қағидасы. Басқаларға көмектесу арқылы біз өзімізге көмектесеміз.
Білім алу қағидасы. Өзіміз бірге жұмыс істеген және өмір жолында жолықтырған әр адам, компания бізді жаңа нәрсеге үйретеді.
Сенім — бұл өзара қарым-қатынастың іргетасы.
Бірлескен жұмыс, серіктестік – бізді өзара жеңіске және сапалы нәтижеге жеткізеді.
Әлемді жақсы жағына өзгертеміз, өзіміздің дамуымыз арқылы және қоғам мен нарықтың дамуына үлес қосу арқылы.
Команданың бірлескен жасампаз жұмысы әр қызметкердің құндылықтарына негізделеді.

 

Біздің компаниямен жұмыстың негізгі басымдылықтары
ҚПЗО әлеуметтік және маркетингтік салада зерттеу жобаларын жүргізеді.
ҚПЗО жүргізген зерттеу нәтижелеріне сәйкес бағдарламалар және бастамалар жүзеге асыру үшін қолданбалы және басқару шешімдері қабылданады.

 

Біздің басымдылықтар
• Білікті және кәсіби команда.
• Әрбір тапсырыс берушіге және зерттеуге индивидуалды ыңғай.
• Зерттеулер жүргізудегі үлкен тәжірибе.
• ҚПЗО командасы зерттеу саласындағы көрсетілетін қызмет сапасын арттыру және жақсарту үшін үздіксіз біліктіліктерін көтеріп отырады.
• Жобаларды Қазақстанның барлық облыстарында және Орта Азия елдерінде жүзеге асыру.
• Зерттеу жүргізуде заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану.
• Тапсырыс берушінің сұраныстарына байланысты ынтымақтастықтың түрлі формаларын ұсынамыз (толық кезеңді жобалар, далалық жұмыстар және т.б.).