ҚБ «Шырақ» Мүгедектігі бар әйелдер ассоциациясы Алматы қаласында тұратын 18-40 жас аралығындағы мүгедектігі бар адамдарға арналған «Тәуелсіз өмір мектебі» 3-ші лек қатысушылары
2020 жылдың 27 қараша айында ҚПЗО директоры Гульжан Алимбекова мен компания қызметкері Айнұр Бақытжанованың қатысуларымен Тәуелсіз өмір мектебінде мүгедектігі бар Алматы қаласының 18-40 жастағы қыздар мен жігіттерге шығармашылық сессиялар форматында практикалық тренинг ұйымдастырды. Аталмыш жобаны ұйымдастырушы ҚБ «Шырақ» Мүгедектігі бар әйелдер ассоциациясы.
3-ші лектегі практикалық тренингтың өзгешелігі ол қатысушылардың өздерінің өмірлері мен болашақтарына креативтілік және шығармашылықпен қарастыруында. Әртүрлі тапсырмаларды орындау арқылы өздерінің бойындағы жаңа қасиеттерді ашуында. Ерекше тапсырма ретінде тренердің "Жаңа планетадағы, алғашқы адам ретінде өзіңнің кәсібіңді аш" деген топтық тапсырмасын орындау кезінде қатысушылар өздерінің қиялдары мен ақиқатты қосып, өздерінің бизнестік бастамаларын жасап шығуында еді. Практикалық тренинг барысында қатысушылар өздерін лидер, новатор, әртіс, мүсінші, әнші ретінде көрсетті.
"Тәуелсіз өмір мектебін" ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз!
Имя * | |
Комментарий * | |