Мүгедектігі бар балаларға жаңа жылдық сыйлықтар

ҚПЗО компаниясының тарапынан мүгедектігі бар балаларға (жүре алмайтын және арбада отыратын) жаңа жылдық сыйлықтар түрінде қайырымдылық қаржылық көмек көрсетілді. 27-желтоқсанда Қарағанды қаласының Горняков мәдениет үйінде ҚПЗО өкілі Пурясева Татьяна Михайловна жаңа жылдық сыйлықты әрбір балаға табыстады. Жалпы 120 сыйлық берілді. Сонымен қатар ҚПЗО тарапынан «Үміт» мүгедектер ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігіне қоғамның күнделікті жұмыстары үшін және әр түрлі құжаттарды дайындау, сондай-ақ, арбада отыратын мүгедектерді компьютерлік сауаттылыққа оқыту үшін 1 нетбук сыйға тартылды.

 

Ұйым туралы мәлімет: «Үміт» ЕҚ ҚБ 1987 жылы 11-мамырда Қарағанды қаласында құрылды, оның ішінде мүгедектігі бар 14 адам, мүгедектігі бар 57 бала, арбада отыратын 6 мүдедек бар. Мекен-жайы: Қарағанды қ., Крылова көш. 44. Тел.: 8 (7212) 439260, Төрағасы Власова В.Ф.

​​Кері қайту

Комментарии

Оставить комментарий