Қоғамдық пікірді зерттеу орталығы V офлайн meet-up-қа шақырады

 

Қоғамдық пікірді зерттеу орталығы V офлайн meet-up-қа шақырады

2026 жылғы 26 наурызда Қоғамдық пікірді зерттеу орталығы «Әлеуметтік зерттеулердің цифрлық трансформациясы: Python, AI және Scopus жолы» тақырыбында бесінші офлайн meet-up өткізеді.

Қатысуға деректерді талдау, цифрлық құралдар және академиялық жазу саласындағы заманауи зерттеушілік құзыреттерін дамытуға қызығушылық танытатын докторанттар, магистранттар, студенттер және жас зерттеушілер шақырылады.

Meet-up бағдарламасы бүгінгі таңда әлеуметтік зерттеулердің күнделікті тәжірибесін өзгертіп жатқан үдерістерге арналған. Негізгі назарда нейрожелілерді әлеуметтік зерттеулерде қолдану, әлеуметтік зерттеулерге арналған Python-ға кіріспе, зерттеушінің жұмыс уақытын оңтайландыру тәсілдері, сондай-ақ зерттеу идеясынан бастап Scopus базасында индекстелетін журналда мақала жариялауға дейінгі академиялық жолды кәсіби тұрғыда талдау.

Кездесу қазіргі зерттеуші үшін қандай дағдылар айқындаушы мәнге ие болып отырғанын және цифрлық құралдардың зерттеу жұмысының сапасын, тереңдігін және нәтижелілігін қалай күшейте алатынын практикалық әрі мазмұнды тұрғыдан талқылауға бағытталған.

Өтетін күні: 2026 жылғы 26 наурыз

Уақыты: 16:00–18:00

Өтетін орны: Қоғамдық пікірді зерттеу орталығының кеңсесі, Жібек Жолы көшесі, 54 / Пушкин көшесі, 38 (38-үй)

Форматы: офлайн

Қатысу: алдын ала тіркелу арқылы

Тіркелу: https://forms.gle/b3RrUJaFSWyQohk6A

 

​​Кері қайту

Комментарии

Оставить комментарий