Орталық Азия мемлекеттерінің мүгедектігі бар қыздарға арналған V тәуелсіз өмір мектебі
ҚБ « «Шырақ» Мүгедектігі бар әйелдер ассоциациясы «Орталық Азия мемлекеттерінің мүгедектігі бар әйелдерді қолдау» жоба аясында 2017 жылдың 13 нен 19-шы маусым уақыт аралығында «Кюннюс» (Финляндия) Ассоциациясының қолдауымен «Орталық Азия мемлекеттерінің мүгедектігі бар қыздарға арналған V тәуелсіз өмір мектебін» өткізді».
Мектеп мақсаттары:
• Мүгедектікпен байланысты ішкі кедергілер мен қорқыныш сезімдерін жеңіп шығу;
• Мүгедектігі бар адамдарға тәуелсіз өмірдің философиясы мен негізгі принциптерін үйрету;
• Көшбасшы қасиеттерінің, өмірлік дағдылардың және өз-өзін сыйлау мен құрметтеуді дамыту;
• Тәуелсіз өмір сүрудің практикалық тәжірибесін алып үйрену.
Оқыту курстарының алдында «Шырақ» мекемесінен қатысушылар таңдауы ұйымдастырылды. Бұл туралы жарнама Shyrak.kz сайтында, әлеуметтік желілерде қатысуға шақырулар жарияланған. Іріктеу кезеңі 14 сәуірден 20 мамырға дейін жүргізілді. Мұнда 22 өтінімдер қарастырылды, олардың ішінен 13 қатысушылар іріктеліп алынды, олар Туркменістан мен Қазақстан азаматтары.
Бұл жылы тәуелсіз өмір мектебінің бірінші маңзыд тақырыбы болып – Гендер мен мүгедектік болды. Қатысушылардың барлығы дерлік «Гендер» деген ұғымның не екенін және гендердің мүгедектікке қандай қатысы бар екенін білмейтінін айтты. Ары қарай «Өз өзін бағалау» тақырыбы талқыланды. Мұнда әр адам өз өзін бағалаудың не екеніни және оны түсінетіндігін талқылады. Қатысушылардың әрқайсысы өздігінше бұл мағынаны ашуға тырысты. Өз-өзін бағалау жағдайларға байланысты өзгеріп отырады, ол жағдайлар адамның бүкіл өмір бойы жүріп отырады. Қатысушыларға «Жасырын өсек айту» ойын ойнауға ұсыныс болды. Бұл ойынның шарты бойынша екі қатысушы үшінші қатысушының жақсы қасиеттерін талқылайды, ойын көп эмоцияны және әсерлерді тудырды. Көп қатысушылар өздерінің жеке қасиеттеріне жіне айналадағы адамдардың қасиеттеріне талдау және бағалау жасады.
Эмоционалды қуаттанып алғаннан кейін, қатысушыларға сұрақ қойылды – олар өздерін қалай көрсететіндігін және өз ойын білдірулері туралы сұрақ қойылды. 14 маусымда қызықты тақырыптарда бірнеше сессиялар өтілді: «Махаббат деген не? Шектеулер мен мүмкіндіктер», «Өзімдік мен, өзіме деген махаббат», «Өз арманыңа жол», «Маскалар арқылы өз ойын білдіру». Белсенді талқылау мен практикалық жұмыстар аорқылы барлық сессияларды Қоғамдық Пікірді Зерттеу Орталығының (ҚПЗО) директоры Гульжан Алимбекова өткізді.
Бірінші сессия фокус-топ форматында болды, мұнда махаббат туралы сұрақтар талқыланды, қыз келіншектер көбірек ашыла бастады, қарама-қарсы жыныспен, отбасында ер адамдармен сөйлесудегі өз тәжірибелерін, қарым-қатынасқа деген өз көзқарастарын , өз жеке мәселелерін, өзгеге ғана емес сондай-ақ өзіне деген махаббаты туралы айтты.
Келесі кезең форсайт сессия форматында фасилитация әдісі бойынша болды, ол дегеніміз топтағы белсенді жұмыс. Қатысушылар командада жұмыс істеуге үйренді, өз болашағын «Өз арманыңа жол» атты көркем және позитивті коллаж арқылы құруға үйренді. Бұл қызықты әрі эмоционалды жұмыстан кейін, қыздар әлі қанша көп нәрсені істеуге болатынын және өз армандарын жүзеге асыруға болатыны туралы ойланды.
Шығармашылық ойын қыздарды одан сайын біріктірді, барлығы бірге талқылады, таңдады, сурет салды, плакаттарда жазу жазды, және өз командаларына ат таңдады. Әр команда өз ойларымен, өмірге деген көзқарастарымен шықты, олар өз армандарына жеке жолдарын көрсетті. Бұл қыздарға бірігуге көмектесті, командада жұмыс істеуге, өз алдында қорықпай мақсаттар қоюды және оларды шешу жолдарын табуға көмектесті!
Командалық жұмыстан кейін жеке және индивидуалды жұмыс істеу сессиясы болды. Олардың ерекшеліктері мен шектеуліктерге қарамай, әр қатысушы өз маскасын өз қолымен жасады, ол маска өзін қандай жануармен теңестіретініне қарай жасалды.
Бұл ең қиян тапсырма болды, барлығы тез арады шешім қалдай алмады, және бұл процесске тез кірісіп кете алмады, бірақ тренер жұмысы арқылы, және ол кісінің әр қатысушыға деген жеке жолдарын табу барысында , өз-өзін іштен көру және әр қыз балаға өз шешімін табуға көмектесті.
Әр қатысушы өз жұмыстарын бітірген кезде, өз маскаларын киіп алды, және өз таңдауын түсіндіріп айтты, сондай-ақ өз таңдаған жануарды неліктен өзімен теңестіретінін айтты, бұл ортақ жеңіс болды, және әр қатысушының күшті жетістігі болды. Әртүрлі жануарлардың маскалары болды, тіпті ойламаған варианттар да болды, олар тотықұс, қоян, дельфин, пандалар, арыстан – бұл сессия барлықтарына басқа адамдардың қаншалықты әртүрлі екенін және бір-бірлеріне ұқсамайтындарын көрсетті, олардың барлықтары әртүрлі, ерекше, бір-біріне ұқсамайтын болып шықты. Бірақ әрқайсысы жеке тұлға.
Бұл олардың тәуелсіз өмір сүрудің бірінші тәжірибесі болды, мұнда басында сенімсіздік жіне қорқыныш сезімі билесе, кейін ол сезімдер сұрақтарға , жауаптарға, және көп әртүрлі эмоцияларға, шынайы өмірдің әсері мен сезімдеріне айналып кетті. Қыздар барлық кезеңдерде үйреніп үлкен тәжірибе алды, сөйлесуден бастап, бірінші рет топтарда жұмыс жасады, тұңғыш өз жұмыстарын презентациялауды үйренді, өз дарындарын және мүмкіндіктерін ашуды, өз потенциалын дамытуға, бір-біріне көмектесуге қол жеткізді. Олар талдық пен жігерлік, ерік пен әйелге тән нәзіктікті бір мезгілде көрсетті.
Имя * | |
Комментарий * | |