«Табысқа жету жолы!» - Path to Success! бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

«Табысқа жету жолы!» - Path to Success! бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

 

ҚПЗО бұл жылы әл-Фараби ат. ҚазҰУ-да өтетін жыл сайынғы бос жұмыс орындар/тағылымдамалар «Табысқа жету жолы!» - Path to Success! жәрмеңкесіне қатысты. Бұл іс-шара халықаралық «Бизнес және Білім беру - Батыс пен Шығыс қатынасы» Азия-Еуропалық бизнес-инновациялар конгресімен ұштастырылған.

 

Жәрмеңкенің басты мақсаты – ҚазҰУ түлектерінің жұмысқа орналасуын қолдап, мансаптық жолын сәтті қалыптастыруға көмек беру.

 

Жәрмеңке 2016 жылдың 22 сәуірінде Алматы қаласында, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кампусындағы Ғылыми кітапханада өтті.
Жәрмеңке аясында жұмыс берушілер қатысуымен ізденушілерге түрлі шеберлік сабақтары, тренингтер және семинарлар өткізілді.
«Жұмыс берушілер жәрмеңкесіне қатысушылардың саны осы жылы 167 компанияға жетті», - деп атап өтті әл-Фараби ат. ҚазҰУ оқу ісі жөніндегі проректоры Дархан Ахмед-Заки.
Бұл жылы бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастыруға Алматы қ. әкімшілігі және HIPO - Қазақстанның еңбек нарығында жоғары кәсіби кадрларды жұмысқа орналастыру бойынша үздік компания атсалысты.

 

 

 

 

​​Кері қайту

Комментарии

Оставить комментарий