«ЖАС ЗЕРДЕ» студенттік ғылыми зерттеу жұмыстардың II халықаралық байқауы
Маркетинг және әлеуметтану саласындағы «ЖАС ЗЕРДЕ» студенттік ғылыми зерттеу жұмыстардың II халықаралық байқауы (2016 ж. 4 наурыз)
2016 жылдың 4 наурызында «ЖАС ЗЕРДЕ» маркетинг және әлеуметтану саласындағы студенттік ғылыми зерттеу жұмыстардың II халықаралық байқауының ақтық кезеңі өтті, ұйымдастырушылары: Қазақстанның қоғамдық пікірді және нарықты кәсіби зерттеушілер қауымдастығы (КАПИОР) және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU). Ұйымдастыруға қатысқандар Қазақстан әлеуметтанушыларының ассоциациясы, Маркетологтар гильдиясы.
Байқаудың мақсаты – студенттердің интеллектуалдық мүмкіндіктерін және аналитикалық пайымдауы мен шығармашылық ықыласын арттыру. Бұл жылы байқауға 11 қала 3 мемлекеттен 69 студенттік команда қатысты: Қазақстан, Ресей және Украина. Түрлі тақырыптарда жүргізілген студенттік жұмыстар ұсынылды: маркетингтегі инновациялар, ұлттық идеология және мемлекет бренді, экологиялық қауіптер және жасыл технологиялар, әлеуметтік мәселелерді зерттеу және олардың шешімдерін іздеу, фаст-фудтан бастап ұялы байланыс нарығына дейін. Байқаудың бірінші кезеңі online-форматында өтті. КАПИОР тарапынан сараптама қорытындысының нәтижесінде ақтық кезеңіне 22 команда өтті.
Байқау жұмысына төрешілер ретінде танымал тәжірибешілдер шақырылды, олардың ішінде Қазақстанның ірі үздік зерттеу компанияларының, Маркетологтар Гильдиясы, Қазақстан әлеуметтанушыларының ассоциациясы, Kcell компаниясы және Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілдері болды.
Байқауды ұйымдастырушылар: Қазақстанның қоғамдық пікірді және нарықты кәсіби зерттеушілер қауымдастығы (КАПИОР) - 2002 жылы құрылған (Қазақстанда қызмет ететін зерттеу агенттіктері кіреді – ҚПЗО, Бисам, БРИФ, САНДЖ, ИСАС, Гфк Қазақстан). Президенті – Александр Рузанов, атқарушы директоры – Марина Самохвалова. Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU, бұрынғы атауы - ХБА) – кәсіпкерлік саласын оқытатын, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары әлемдік деңгейдегі университет. Президенті – А. Б. Қожахметов.
Имя * | |
Комментарий * | |