«Жас Зерде» студенттік жұмыстар байқауы

Маркетингтік және әлеуметтанулық зерттеулер саласындағы студенттік ғылыми жұмыстардың Бірінші халықаралық байқауы (2014 жыл 31 қараша)

2014 жылдың 31 қаңтарында Алматы қаласының Халықаралық Бизнес Академиясында маркетингтік және әлеуметтанулық зерттеулер саласында студенттік ғылыми жұмыстардың Алғашқы халықаралық «Жас Зерде» байқауы өтті. Байқаудың негізгі ұйымдастырушылары: Қазақстанның қоғамдық пікірді және нарықты кәсіби зерттеушілер қауымдастығы (КАПИОР), Халықаралық Бизнес Академиясы («Менеджмент және маркетинг» кафедрасы), Қазақстан әлеуметтанушыларының ассоциациясы, Маркетологтар Гильдиясы және Кәсіпкерлікті қолдау қоры «ДАМУ».

 

Байқау Қазақстан және ТМД елдеріндегі барлық ЖОО студенттерінің сайысына жол ашты. Маркетингтік және әлеуметтік зерттеулер бойынша жеке орындалған қолданбалы ғылыми зерттеу жұмыстары ұсынылды. Байқау екі бағыт бойынша жүзеге асты: маркетингтік және әлеуметтанулық зерттеулер, олардың әр қайсысында өздерінің жеңімпаздары болды.

 

Байқаудың тәуелсіз төрешілернің құрамына кіргендер: Алимбекова Гульжан Токтамысовна - ә.ғ.к., ҚПЗО және КАПИОР президенті, Рузанов Александр Борисович - BRIF Research Group президенті, ESOMAR, Маркетологтар Гильдиясының мүшесі, Гуревич Леонид Яковлевич – ҚР әлеуметтанушылар Академиясының академигі, Кан Ирина Дмитриевна - «Bank RBK» АҚ-ның маркетингті Басқару басшысы, Еськова Наталья Николаевна - «Кселл» АҚ корпаративтік коммуникация бөлімінің басшысы, Белоусов Дмитрий Юрьевич - Қазақстанның индустриалды палатасы, Ожередов Анатолий Геннадьевич - Қазақстандық маркетинг, реклама және PR Федерациясының Вице-президенті, Сыздыков Рустем Толегенович - «Раимбек Боттлерс» ЖШС-нің атқарушы директоры. Олар бағалау критерилері бойынша эксперттік бағалау жасады және аталым бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады.

 

Байқауда көптеген қызықты және қолданбалы маңызды жұмыстар таныстырылды. Талқылауға маркетингтік және әлеуметтанулық салалар бойынша түрлі бағыттағы зерттеу мәселелері шығарылды, олардың шешілуі заманауи қоғамның әрбір мүшесіне қатысы бар түрлі ауқымды қызығушылықтарды және қызмет салаларын қамтиды.

 

 
 
 
 
 
 

​​Кері қайту

Комментарии

Оставить комментарий