Әріптестер
Құқықтық саяси зерттеу орталығы. Құқықтық саяси зерттеу орталығы - 2008 жылдың сәуір айында қазақстандық заңгерлер тобымен негізі қаланған саяси емес, тәуелсіз зерттеу институты. Орталық Алматыда (Қазақстан) орналасқан және Орталық-Азия аймағында қызмет етеді. Орталық құқықтық саясат саласында ғылыми зерттеулік, баспа және білім беру қызметтерін жүзеге асыру арқылы либералды құндылықтар мен құқықтың басымдылығын арттыруға бағытталған сараптама орталығы болып табылады. http://lprc.kz/
|
|
Азаматтық қоғамды дамыту ассоциациясы Заңды Тұлғалардың Бірлестігі «Азаматтық Қоғамды Дамыту Ассоциациясы «АРГО» Қазақстандағы 80% жуық ҮЕҰ мен қауымдастықтардың қызметін білдіретін ұйымдарды біріктіретін ұлттық деңгейдегі желі болып табылады. Бес жылдан артық уақыт желінің дамуы мен кеңеюінің нәтижесінде АРГО сегіз аймақтағы (Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Семей және Өскемен) азаматтық қоғамды қолдау Орталықтарын біріктіретін ассоциация ретінде тіркелді (АҚҚО). http://www.argonet.org/ |
|
Мүгедектікке ие әйелдер ассоциациясы «Шырақ» Ассоцияция «Шырақ» ҚБ тірек-қимыл қызметі бұзылған 10 әйелдің бастамасымен 2001 жылы негізі қаланды. Бүгінгі күнде Ассоциация Республикалық мәртебеге ие (Қазақстан Республикасы бойынша 8 филиал), Қазақстан және Орта Азия бойынша мүгедектікке ие әйелдердің ұйымдарының және көшбасшыларының Халықаралық эксперттік желісінің бағыттаушысы болып табылады. http://shyrak.kz/ |
|
Алматы қаласының «Ақпараттық-ресурстық орталық» Қоғамдық қоры Алматы қ. «Ақпараттық-ресурстық орталық» қоғамдық қоры 2005 жылы үкіметтік емес сектордың (ҮЕҰ) қалыптасуы және дамуы үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында және әлеуметтік қызметтерді кәсіби ұйымдатыруға көмек беру арқылы әлеуметтік серіктестіктің сәтті дамуына, болашағына жағдай жасау үшін құрылған болатын. http://infoirc.kz/ |
|
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін 1991 жылы 23 қазанда С.М. Киров атындағы Қазақ ұлттық университетіне ұлы ғалым, ойшыл және энциклопедист, «Шығыстың екінші ұстазы» Әбу Насыр әл-Фарабидің аты берілді. http://www.kaznu.kz/ |
|
Саяси және әлеуметтанулық зерттеу орталығы ЦСПИ БГУ Беларуссиядағы үздік әлеуметтанулық қызмет орталықтарының бірі болып табылады. Орталық ұйымдарды жаңа технологиялардың тұтас кешенімен және зерттеу жұмыстарымен қамтамасыз етеді: әлеуметтанулық зерттеу бағдарламаларын құрастырудан бастап, сараптамалық есепті баяндауға дейін. Орталыққа әлеуметтік ғылымдардың докторы, профессор Давид Генрихович Ротман жетекшілік етеді. http://www.cspr.bsu.by/ |